Zhastar Innovation 2018

0
774

2018 жылдың 24 қазан күні «Үздік инновациялық жобаның» жеңімпазы анықталды. «Jastar Innovation» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында өткізілген байқау осы жылы өз деңгейінде болашақ кәсіпкерлерге бағыт көрсетуге тырысты. Ауқымды шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Екі айға созылған байқауға Алматы қаласы ЖОО студенттері белсене қатысып, ең үздік жобаларын ұсынды.

Қорытынды кеш жас кәсіпкерлер стартаптарын көрме ретінде жиналған қонақтарға таныстыруымен басталды. Соңында жақсы деп танылған жұмыстарға танымал кәсіпкерлер демеушілік етіп, ақшалай сыйлықпен марапаттады. Сондай-ақ әлеуметтік жобаның бірі, жастар арасынан құрылған театр өз қойылымын көрерменге сахналап берді.

Аталмыш шара жастардың инновациялық белсенділігін арттырып, жаңа технологиялар саласында әлеуметтік маңызды жобалар жасап шығаруға бағытталған.

Бүгінге дейін кәсіби бизнес-жаттықтырушылар тренинг жүргізіп, жеті жетекші кәсіпкермен кездесу өткізді. Жүздесулерден соң жастар бизнес жасаудың қыр-сырын жете меңгерді. Кәсіпті жүргізуге қатысты көптеген мағлұмат жинап, нәсіп табудың жолдарын жете түсінді деп толық айта аламыз.

Іс-шараға Алматы қаласының мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, студенттер және жоба қатысушылары қатысты.