«Үздік шығарма» байқауының нәтижесі

0
564

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=349119599360539&id=100027875049151

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының тапсырмасына сәйкес «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын насихаттау бойынша «Үздік шығарма» байқауының жеңімпазын анықтады.
Қазылар алқасының төрағасы Дулат Исабеков және мүшелері Есенғали Раушанов және Мырзан Кенжебай сайланды. Оншақты шығарма ішінен қазылар алқасы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі – Азамат Қасымның «Тарпаңдарды тырп еткізбейтін Тәттімбет» атты шығармасына жоғары бағасын берді.
Осыған орай, Азамат Қасымды «Ұлы даланың 7 қырын» насихаттау бойынша «Үздік шығарма» номинациясы бойынша ЖЕҢІМПАЗ атанды. Оқырманға қызықты болу үшін шығарманы сілтеме арқылы ұсынып отырмыз.
Қазылар алқасының мүшесі ақын, сыншы, көсемсөзші Мырзан Кенжебайдың пікірі: Ұлттық санадан, ұлттық кәсіптен, ұлттық жігіттік қасиеттен алшақтап баратқан жұртымызға едәуір өнеге, дәріс боларлық, тілі де жатық дүние екен, ә!
Байқау шарты бойынша жүлдегерге Алашорда фотоальбомы мен ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықты тарту етеміз. Жеңіс құтты болсын!
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта болатын байқауларда сәттілік тілейміз!