Қордың тарихы

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры қазақтың көрнекті жазушысы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дидахмет Әшімханұлының бастамасымен 2003 жылы құрылды. Қордың басты мақсаты қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын насихаттау, дінаралық және этникааралық келісімді нығайту, діни экстремизмге қарсы іс-қимылдар ұйымдастыру, өз өзіне қол жұмсау үрдісіне төтеп беретін лекциялар, семинар-тренингтер, әлеуметтік сауалнамалар ұйымдастыру және басқа да қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу болып табылады. 

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры баспаханалық қызметпен де айналысады. Мәселен, «Алаш мұрасы» сериясымен, «Мәдени мұра» бағдарламасымен  100-ден астам кітаптар жарық көрді. Нақты атап айтар болсақ, М.Ж. Көпейұлының жиырма томдығы, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытұлының, О.Бөкей, Т. Шонанұлы, Н.Төреқұлов, Н.Орманбетұлы, О.Әлжановтың, Т. Жүргенов, Р.Сыздықова көптомдық шығармалар жинағы, «Қазақ ұлт азаттық қозғалысы» 17 томы, «Қазақ қолжазбалары» 10 томы жарыққа шықты.