Түркістанның киелі жерлеріне конференция қонақтары үшін экскурсия жүргізілді

0
2296

«Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») атты ғылыми-практикалық конференция аясында 2019 жылғы 21 қарашада конференцияға қатысқан шетелдік сарапшылар мен әртүрлі өңірлерден келген қонақтар үшін Түркістан облысының киелі жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, қонақтар «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне, Отырар төбеге, Арыстан баб кесенесіне, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.