«Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді

0
1699

2019 жылғы 20 қарашада «Ел-шежіре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») атты ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Аталған конференцияға 170 адам, соның ішінде Түркі тілдес елдерден (Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.) шетелдік сарапшылар қатысты. Атап айтқанда:

  • Миңнегулов Хатип Юсупович – Қазан университетінің еңбек сіңірген профессоры, филология ғылымдарының докторы (Татарстан);
  • Гатин Марат Салаватович – Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазан университетінің тарих және қоғамтану білім беру кафедрасының доценті (Татарстан);
  • Мусаев Сыртбай – И.Арабаев атындағы ҚМУ Лингвистика институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан);
  • Юлдашев Қазақбай – Ташкент Мемлекеттік университеті, Өзбек тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Өзбекстан);
  • Утанова Сирдарехон – Өзбекстан Республикасы Фанлар академиясы, Өзбек тілі мен әдебиеті және фольклоры институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);
  • Назаров Насриддин Атакулович – Ташкент Сәулет-құрылыс институты, философия ғылымдарының докторы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);
  • Бахадырова Сарыгул – Өзбекстан Ғылымдар академиясының Қарақалпақстан бөлімі ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қарақалпақстан).
  • Ислам Жеменей – «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.
  • Шәмші Бауыржан – М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы.

Конференцияға сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Төлеков Елдар Мырзабекұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов қатысты.

Конференцияны құттықтау сөзімен филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек ашты. Одан кейінгі сөз кезегі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Е.М. Төлековке, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа берілді.
Конференцияның бірінші күні пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді. Конференцияның қорытындысы бойынша қарар қабылданып, ғалымдар мен сарапшылар өз ойларын білдірді.