Республикалық Патриоттар форумы өтті

0
1942

2019 жылдың 28 қарашасында «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі залында дәстүрлі Республикалық патриоттар форумы өтті.

Аталған іс-шара фойеде форум туралы бейнеролик көрсетумен басталды. Форум «Жас Ұлан» республикалық мектебі ұландарының патриоттық әндерімен жалғасын тауып, мемлекеттік рәміздерге арналған көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік форумның салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің құттықтау сөзімен басталды, ол өз сөзінде: «Қазақстандық патриотизмді насихаттау, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін отандастарымыздың мақтаныш сезімін қалыптастыру, өскелең ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз» — деп атап өтті.

Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысты. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, еліміздің патриоттары: Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, ұйым, этно-мәдени орталықтардың, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тыңдаушылары бар.

Форумның жұмысы аясында ел алдындағы қызметтік борыштарын адал атқарып, өз саласында жемісті еңбектерімен, қол жеткізген жетістіктерімен, Отан алдындағы ерен ерлігімен дараланған азаматтар атап өтілді. «Жыл патриоты» номинациясында ең үздік болып танылғандар: Исмағұлов Нұрсұлтан Жексенбайұлы (Нұр-Сұлтан қ.), Костенко Наталья Владимировна (Алматы қ.), Станеев Леонид Игорович (Ақмола облысы), Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы (Шымкент қ.), Молдагереева Бақыт Молдабайқызы (Ақтөбе облысы), Сапаров Елдар Қайсарұлы (Алматы облысы), Сундутов Рустембек Бисембайұлы (Атырау обылсы), Сапанов Еркебұлан Батырбекұлы (Батыс Қазақстан облысы), Балфанбаев Алан Борисович (Жамбыл облысы), Ерасыл Мұрат және Омашев Бекзат (Қарағанды облысы), Качеев Денис Анатольевич (Қостанай облысы), Ерболат Қожабайұлы (Қызылорда облысы), Нұрдәулетов Бекзат Жалғасбайұлы (Маңғыстау облысы), Рамазанов Ерлан Амангелдіұлы (Павлодар облысы), Маратова Назгүл Маратқызы (Солтүстік Қазақстан облысы), Әбдіхалық Асқар Алмасбекұлы (Түркістан облысы), Тұсұпов Серік Асаубайұлы (Шығыс Қазақстан облысы). Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.