«Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары»)

0
3834

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан қаласында «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізеді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылып отыр.

Конференцияның мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының контекстіндегі жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау үшін алаң ұйымдастыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау. Аталған іс-шара 2 күн өткізіледі (2019 жылғы 20-21 қараша). Конференцияға Қазақстанның барлық өңірінен 170 адам, соның ішінде Түркі тілдес елдерден (Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстанжәне т.б.) 10 шетелдік сарапшы қатысады.