«Үздік сурет» байқауының нәтижесі

0
1672

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын дәріптеу бойынша «Үздік сурет» байқауының жеңімпазын анықтады.
Ең қызығы «Үздік сурет» номинациясына жас балалардың қызыққаны көңілімізді көтерді. Себебі жастар біздің БОЛАШАҒЫМЫЗ!
Сонымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры сарапшыларының шешімі бойынша «Үздік сурет» номинациясы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, №63-ші мектептің оқушысы, 12 жасар Алтынай Әлібекқызы ЖЕҢІППАЗ атанды.
Кішкентай бүлдіршінді құттықтай отырып, оған көптеген шығармашылық табыстар тілейміз!
Байқау шарты бойынша жүлдегерге Алашорда фотоальбомы мен ұлттық нақыштағы бағалы сыйлықты тарту етеміз.

Жеңіс құтты болсын!

Барлық қатысушыларға алдағы уақытта болатын байқауларда сәттілік тілейміз!

Тапсырыс беруші – Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасы
Ұйымдастырушы – «Ел-шежіре» қоғамдық қоры