«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу мақсатындағы семинар

0
835

Бүгін, 2 қазан күні Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу мақсатында студенттерге оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинар жұмысын колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры Сымбат Амангелдіұлы ашып, семинарға арнайы шақырылған тарихшы, «Педагог-новатор» және «Мұғалім.kz» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарының бас редакторы Тыныбаева Әсел Алпысбайқызын сахна төріне шақырып сөз берді.
Лектор өз баяндамасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіре келе сұрақ-жауап әдісін қолданып аудиториямен тығыз байланыс орнатып, қызықты әрі, мазмұнды сұхбат өткізді. Студенттерді көбінесе тақырыпқа байланысты тарихи деректер мен рухани жаңғыру бағдарламасы қызықтырды. Мақаланың жеті қырын бекітуде студенттердің қойған сұрақтарына алған толыққанды жауаптар нәтижелі болды деуге болады.
Баяндама соңында «Ел-шежіре» қоғамдық қорының тарапынан Әсел Алпысбайқызына және колледж әкімшілігіне семинарды ұйымдастыруға қосқан үлестері үшін «Алашорда» фотоальбомы сыйға тартылды.