«Ұлттық құндылық» жобасы аясындағы кездесу

0
1096

Бүгін, 17 қыркүйек күні «Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласын дәріптеу мақсатында Алматы қаласы коммуникация және машина жасау колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге тарихнама және деректану саласын зерттеп жүрген тарихшы – ​ Нұржан Сәдірбекұлы шақырылды. Кездесу барысында сөз сөйлеуші қонағымыз «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласындағы ұлы тұлғалар мен археологиялық зерттеулер жүргізіп жүрген жұмыстарымен білім алушы жастарды ​ таныстырып өтті. Қызықты әрі мазмұнды кездесуден кейін студенттер өздерінің сұрақтарын қойып жауап алуға асықты. Кездесу соңында «Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы коммуникация және машина жасау колледжінің басшылығына кездесу өткізуге қолдау көрсетіп, үлестерін қосқаны үшін өз ризашылығын білдіріп, қор тарапынан Рухани жаңғыру бағдарламасын жандандыру мақсатында колледж кітапханасының қоржынына «Алашорда» фотоальбомын сыйлыққа ұсынды. Кездесу дәстүрге айналған ортақ естелік фотоға түсумен аяқталды.