«Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсы

0
744

Жалпы ереже:

  1. «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсы Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жалпы республикалық «100 идея» жобасын іске асыру щеңберінде өткізіледі.
  2. Конкурс инновациялық қызметті белсендіруге, тәжірибелік мүдде мен қоғамдық маңыздылықты білдіретін инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға және енгізуге бағытталған.
  3. Конкурсты ұйымдастырушы: ҚР Білім және Ғылым Министрлігі, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры.
  4. Осы Ереже Конкурсты ұйымдастыру, өткізу және қорытындылау қағидаттаттарын белгілейді.

Мақсаты: Үздік идеялар мен жастар бастамаларын жинақтау.

Міндеттері:

  • «100 үздік идея» арнайы сайты мен әлеуметтік желілер арқылы барлық елден жастардың 100 үздік идеясы базасын жинақтау және құрастыру;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ең жаңа келешек жобаларды белгілеу және оларды ұсыным ретінде қоғамдық қатынастар мен ішкі саясат мәселесіне жетекшілік ететін мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына табыстау;
  • Талантты жастарды іздеп табу, оларды алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» қосымша бағдарламасын іске асыруға тарту, олардың әлеуетін ашуға жағдай жасау.

«СТУДЕНТТЕРДІҢ 100 ҮЗДІК ИДЕЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

I-орын — Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Филология және әлем тілдері факультетінің 2-курс студенттері Қаратаева Балжан Мұратқызы мен Емангалиева Камила Аскаровна «Alshy» — ұлттық брэнд» жобасы үшін, конкурс жүлдесі — ноутбук;
II-орын — Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика және басқару факультетінің 3-курс студенті Жолдыбай Алтынай Ерболқызы  «Digital University» жобасы үшін, конкурс жүлдесі — заманауи планшет;
III-орын — Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология және тарих факультетінің 3-курс студенті Оразбек Айгерім Тәнірбергенқызы «Тіл туризмі» жобасы үшін, конкурс жүлдесі — ұялы телефон.