Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу

0
1300

26 қыркүйек күні Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінің студенттерімен
«Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуді құттықтау сөзімен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бахытгүл Аманқосқызы ашып,

кездесуге шақырылған арнайы қонағымыз М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері
Нұржұма Елеспайға берді.
Өз сөзінде Нұржұма Елеспай, Ұлы даланың Ұлы тұлғалары тақырыбындағы хандар мен батырлар жырының фольклорына түбегейлі шолу жасап, әңгіме барысында көптеген деректер мен аңыз-жырларды мысал ретінде келтіріп кетті. Тыңдаушылардың назарын аса ерекше батырлардың өз қайсарлықтары мен табандылықтары таң қалдырып сөз сөйлеушіге өз сұрақтарын қоюға асықты.
«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Технология-экономикалық колледжі ұжымына алғыс білдіре отырып кітапхана қоржынына «Алашорда» фотоальбомын сыйлық ретінде табыстады.
Кездесу соңында колледж студенттері мен ұстаздары Нұржұма Елеспаймен естелік суретке түсті.