Студенттермен «Ұлттық құндылықтарды» талқылау

0
903

19 қыркүйек күні «Аяжан» медицина колледжі қабырғасында «Ұлттық құндылық» жобасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын дәріптеу мақсатында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуді құттықтау сөзімен колледж директоры Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы ашып, сөз кезегін кездесудің қонақтары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері Насихат Набиолла мен Ерзат Еркінге берді.
Сөз сөйлеушілер өз кезектерінде Ұлы дала фольклорына аса ерекше мән беріп атқа міну мәдениетінің бастауын еліміздің солтүстік өңіріндегі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстарының дәлелі ретінде жылқының​ қазіргі Қазақстан аумағында тұңғыш рет қолға үйретілгені туралы ауқымды тақырыпта сөз қозғады. Студенттердің арасында атқа міну тақырыбы ерекше қызығушылық танытып қонақтарды сұрақтың астында қалдырды.
Колледж студенттерінің кездесуге келген қонақтарға арнап ұлттық нақышта ән, би және күй дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. ​
«Ел-шежіре» қоғамдық қоры «Аяжан» колледжі ұжымына алғыс білдіре отырып кітапхана жинағына «Алашорда» фотоальбомын сыйлық ретінде табыстады.
Кездесу соңында колледж студенттері мен ұстаздары келген қонақтарман естелік суретке түсті.