«ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ — 2019»

0
2303

28 қараша күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде жыл сайынғы республикалық Патриоттар Форумы өтеді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Форумның мақсаты – халықтың патриоттық рухын нығайтып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық біртектілікті нығайтудың ажырамас құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік рәміздерді танымалдандыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оларды азаматтарды тәрбиелеу процесінде пайдалану. Салтанатты шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200 делегат қатысады. Олардың ішінде өз кәсібінің үздік өкілдері, ел үшін қалтқысыз қызмет етіп, күнделікті еңбегімен және үлгілі ісімен жұрт назарына ілінген азаматтар «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталады.