«Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты республикалық конференциясы

0
590

2018 жылдың 6 желтоқсаны күні Астана қаласында «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты республикалық конференция өтті.

«Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференцияда конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер, Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық тәжірибесінің бірегей моделі, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің сұхбат алаңының тәжірибесі, сондай-ақ «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту мәселелері талқыланды.

Ғылыми-практикалық конференцияға уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанның дипломатиялық корпус және діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мәдениетаралық және конфессияаралық диалог мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Іс-шара ұйымдастырушысы: «Ел-шежіре» қоғамдық қоры РҚ ҚДМ ҚКК Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының қолдауымен.

Тақырыбы: «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты республикалық конференция Астана қаласында өтеді.